ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР


Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі?

Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.


Мен көп балалы отбасымын, бірақ «Толық емес отбасы»/ «Мемлекеттік қызметші» және т.б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтініш тапсыра аламын ба?

Жоқ, тек «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтініш бере алады.


Мен тұрғын үй мекенжайын таңдай аламын ба?

Жоқ, пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратура бойынша бөлінеді.


Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба?

Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге растайтын құжаттар ұсынылған кезде пәтер екінші қабаттан жоғары емес ұсынылатын болады.


Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін мені кезектен шығарады ма?

Иә, шығарады.