"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ желісі бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидалары


Бағдарламаның шарттары

Бұл бағдарламаға Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болып табылатын азаматтардың барлық санаттары қатыса алады.

- Кезекте тұрғандар ниет білдірушілер осы портал аралығында өтініш береді;

- Өтініштерді қабылдау тек электронды түрде;

- Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;

- 1 ш. метрге жалға алу құны – 1455 теңге;

- Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;

- Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді;

- Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі;


Өтінімді тұрғын үйге кезекте тұрған барлық санаттар және жұмыс орны бойынша талаптарға сәйкес келетіндер бере алады (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және т.б.).

Құжаттар тізімі: 1) ЭЦҚ кілті; 2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Сіз өзіңіздің отбасыңыздың құрамына қарамастан, кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз. Дегенмен, сіз таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау сіздің төлем қабілеттілігіңізге тікелей байланысты.

Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін "ҚЖК" АҚ төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет