САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ("ҚТК" АҚ")

1. Өтініш бергіңіз келетін бағдарламаны таңдаңыз:

2. Қажетті интерфейс тілін таңдаңыз және «Өтініш беру» түймесін басыңыз:

3. Кезекте тұрған адамның ЖСН енгізіңіз және «Тексеру» батырмасын басыңыз:

4. Кезекте тұрғандар ғана қатыса алатындықтан, кезекте тұрмаған азаматтар келесі қадамға өте алмайды. Егер Сіз кезекте тұрмасаңыз, компьютер келесі хабарламаны шығарады:

5. Егер Сіз бірінші қадамға өткен болсаңыз, барлық деректерді міндетті түрде көрсетіп, өтініш беру нысанын толтырыңыз:

6. Екінші қадам: жұмыс істейтін кезекте тұрған адам жұмыспен қамту саласының санатын таңдауы қажет;

7. Үшінші қадам: жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасын тіркеңіз

8. Төртінші қадам: өтініш бергіңіз келетін пәтердің қажетті бөлмесін таңдаңыз

9. Барлық нысандарды толтырғаннан кейін, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісетініңізді белгілеңіз және «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз:

10. Одан әрі диалогтық терезеде ЭЦҚ-кілтін компьютерге алдын-ала көшіре отырып, «Компьютер» сақтау жолын таңдаңыз. RSA файлын таңдағаннан кейін парольді енгізіп, «Қол қою» түймесін басыңыз:

11. Өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, Сіз өзіңіздің өтінішіңіздің формасын PDF форматында жүктей аласыз. Сондай-ақ оның көшірмесі Сізге көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі: