"Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидалары


Бұл бағдарламаға "Халықтың әлеуметтік осал топтары" және "Жетім балалар" санаттары бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың санаттары қатыса алады

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнеткерлер;

7) жетім балалар;

8) қандас;

9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

- Кезекте тұрғандар ниет білдірушілер осы портал аралығында өтініш береді;

- Өтініштерді қабылдау тек электронды түрде;



- Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

- Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;

Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.