ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР


Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі?

Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.


Мен қанша бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба?

Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады. Пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратураға бөлінеді


3) Мен тұрғын үй мекенжайын таңдай аламын ба?

Жоқ, орналасқан жері - "Пригородный" тұрғын алабындағы ЖТҮ, Сарытоғай көшесі;


Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба?

Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге пәтер екінші қабаттан жоғары берілмейді


Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін мені кезектен шығарады ма?

Иә, шығарады